Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,5%-ға дейін көтерді

25.07.2022, 18:36

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,5%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Шара  2023 жылы инфляциялық процестер мен болжамдарды тұрақтандыруға және баяулатуға, сондай-ақ  инфляцияны орта мерзімді перспективада нысаналы көрсеткішке жақындатуға бағытталған.

«Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15,5%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 13,5% болады», - делінген Ұлттық банктың хабарламасында.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ұлттық банк базалық мөлшерлемені осымен төртінші рет көтерді. Бұған дейін  24 қаңтарда жылдық мөлшерлеме 10,25 процентке, 24 ақпаннан -  13,5, ал 25 сәуірден бастап 14.0 процентке жеткен.