Бизнес-идеяларға арналған гранттарға өтінімдерді қабылдау 8 тамызда басталады

25.07.2022, 16:46

Бизнесті бастауға мемлекеттен бастапқы капитал. Қазақстанда 8 тамыздан бастап кәсіпкерлердің идеяларын жүзеге асыру үшін гранттарға өтінімдерді қабылдау басталады. Қолдау мөлшері 400 айлық есептік көрсеткіш немесе миллион екі жүз жиырма бес мың теңгеден сәл асады. Аталған грантты «Бастау Бизнес» жобасының сертификат иегерлері ала алады. Олардың сертификатының уақыты 3 жылдан асып кетпеуі маңызды. Жобаға қатысу үшін үміткер Business.enbek.kz арнайы порталына өтініш беруі тиіс немесе халықты жұмыспен қамту орталығындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімшесінде мамандар көмегіне жүгінуге болады.