Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 100 миллион доллардан асты

13.05.2022, 11:34

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 100 миллион доллардан асты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда алпыс проценттен астамға көп. Қос тарап арасында әсіресе энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында жемісті әріптестік орнаған. Қазақстан көрші Республикаға бидай экспорттаса, ол жақтан бізге химиялық өнімдер жеткізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түрікменстан темір жол, автомобиль және су көлігі, логистика саласындағы әріптестікті нығайтуды жоспарлап отыр. Ашхабада Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Түркменстан Парламенті Жоғары палатасының спикері Гурбангулы Бердімұхамедовпен осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды талқылады. Бірыңғай тариф саясаты «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» және «Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан» сияқты бағыттарда жүк ағынын арттыруға мүмкіндік береді.