ЕҚДБ Қазақстан экономикасы өсімінің баяулайтынын болжап отыр

11.05.2022, 11:31

Қазақстан экономикасының өсімі 2022 жылы 2 процентті, ал 2023 жылы 2,5 процентті құрайды. Бұл болжамдарды Еуропалық қайта құру және даму банкі келтіріп отыр. Халықаралық қаржы институтының есептеуінше, Республика аталған көрсеткіштерге қазіргі экспорт көлемін сақтаған жағдайда қол жеткізе алады. Дегенмен өсім  алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама төмен. Сарапшылар Украинадағы соғыс көптеген өндіріс процесін тежейтінін атап өтті. Ресейге салынған санкцияларға байланысты Қазақстан үшін логистикалық бағыттар бірнеше есе қымбаттады. Бұл инфляцияға ғана емес, сонымен қатар көптеген тауар позицияларының бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер  етеді.