Мұнай бағасының тұрақты өсуі жалғасуда

06.05.2022, 12:04

Мұнай бағасының тұрақты өсуі жалғасуда. Бір баррель бағасы қазірдің өзінде 110 доллардан асты. Дегенмен, кейбір сарапшылар жақын арада «қара алтынның» құны біртіндеп төмендей бастайды деп болжам жасап отыр. Бұған ОПЕК+ елдерінің бір күн бұрын мұнай өндіруді ұлғайту туралы шешім қабылдағаны себеп.

«Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 432 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды»,- делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында

Айта кетейік, Қазақстанның 2022 жылғы маусымдағы міндеттемелері тәулігіне 1,655 млн баррельді құрайды.