Қазақстанда құрастырылған тікұшақтар Қырғызстанға экспортталады

05.05.2022, 12:30

Қазақстанда құрастырылған тікұшақтар Қырғызстанға экспортталады. Биыл көрші елдің төтенше жағдайлар министрлігінен  H 215 еврокоптеріне тапсырыс түскен. Зауыт басшының айтуынша, Қырғызстанға осындай еврокоптердің бесеуі жеткізіледі. Ал еліміздің төтенше жағдайлар ведомствосында әуепаркінде 30-дан астам әуе кемесі бар. Оның ішінде іздестіру-құтқару жұмыстарына, санитарлық авиация, патрульдік қызметке және орманды қорғау жұмыстарына пайдаланылатын 15 тікұшақ бар.

Юрий Ильин, ҚР төтенше жағдайлар министрі:

– Өткен жылы біз борттардың 6 ауыр классын алдық. Бұл Қазақстан аумағында шығарылатын МИ-8. Ол өзімізде құрастырылады. Алдағы екі жылда МИ-8 класындағы тағы 5 тікұшақ сатып алуды жоспарлап отырмыз. Жеңіл және ауыр класстағы түрлі техника не үшін қажет? Өйткені жақын қашықтыққа ұшу үшін ол тез көтеріледі, оған қоса Еврокоптерді пайдалану арзанырақ. Ал МИ-8, МИ-26 тікұшақтары орманды дала өрттерін сөндіруге арналған ауыр тікұшақтар. Әуепаркі  дамып келеді.