Қазақстан экономикасын қолдауға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді

04.05.2022, 11:50

Биыл Қазақстан экономикасын қолдауға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаржы өңдеу өнеркәсібін қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін, күре жолдарды дамытуға, кәсіпкерлердің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға, кепілдендіруге және басқа да бағыттарға жұмсалатын болады. Сонымен қатар, үкімет елге тартылатын тікелей шетелдік инвестиция көлемін арттыруды көздеп отыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша республиканың инвестициялар тартудың «пандемияға дейінгі» деңгейіне оралғанын айта кеткен жөн. Былтыр құны 3,5 миллиард доллар болатын 44 жаңа инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Сондай-ақ, отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін әлеуетті жобалар пулы әзірленді.