Шығысқазақстандық омарташылар шетелге бал экспортын ұлғайтпақ

04.05.2022, 10:33

Шығысқазақстандық омарташылар шетелге бал экспортын ұлғайтпақ. Бұл үшін олар өндірістік кооперативке бірігіп жатыр. Биыл отандық өнім өндірушілер 120 тоннадан астам балды сырт нарықтарға жөнелтуді көздеп отыр. Дегенмен ара өсірушілердің ішкі нарыққа кері әсерін тигізбей, бұдан да көп өнімді шетелдік тұтынушыларға сатуға қауқары жетеді, дейді сарапшылар. Мысалы, 2021 жылы елімізден жалпы құны 33 млн теңге болатын 83 мың килограмнан аса бал экспортталыпты. Қазақстандық тәтті өнімді негізінен Өзбекстан, Қытай, Монғолия, Сингапур және Жапония мемлекеттері сатып алады.

Алексей Қасымбаев, омарташы:

– Шағын  ара шаруашылықтары үлкейіп, кәдімгі өндірістік деңгейге жетіп жатыр. Сонымен қатар омарта өнімділігі артып, технологиялық мүмкіндіктері жақсарды. Бұрын қолмен істелген жұмысты қазір автоматты құрылғылар алмастырды.