Қазақстанда баспана бағасы қымбаттайды

26.04.2022, 19:20

Қазақстан нарығында құрылыс материалдары бағасының тұрақсыздығына байланысты алдағы 2-3 жылда баспана бағасы өсуі бек мүмкін. Қазіргі таңда өндірістік салада қызмет ететін компаниялар өз бағаларын қайта есептеп жатыр. Бұған доллар бағамының құбылуы және Ресейге қарсы санкциялардың әсері бар. Республика Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев мәлім еткендей, нарықтағы белгісіздіктен тұтынушылар да, кәсіпкерлер де ұтылып отыр. Атап өтерлігі, бұл одақ бүгінде еліміздің 16 өңірінен құрылыс материалдарын шығаратын және құрылыспен айналысатын 1200 компанияны біріктіріп отыр.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы:

– Бізге тұрақты баға керек. Сонда ғана құрылысшылар өз жоспарлаған пайдасын көре алады. Өйткені кәсіпкерлер болғаннан кейін олардың әрқайсысы қай салада істесе де, өз тапсырмасын орындаса да, коммерциялық баспана салса да өз пайдаларын көруді ойлайды. Өндірушілер де солай.

Алайда дағдарыс –тың мүмкіндіктер тудырады, дейді спикер. Оның айтуынша, өндірістегі қазқұрам үлесін арттыруға назар аудару қажет.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы:

– Қазіргі осындай дағдарыс кезінде осы салаға, экономикаға, құрылыс саласына ақша бөлу керек, бағдарламалар ашу керек. Осы саланы тірілту керек. Бізге цемент, кірпіш, темір керек. Құрылысқа қолданатын темір заттар керек. Арматура, уголок, швейлер, лист бар. Осы үш затты біз өзімізде көп шығарсақ, біз біраз мәселені шешеміз деп ойлаймын.

 

Автор: Ақзер Сегізбай