Қазақстан күнбағыс майының экспортын ұлғайтты

20.04.2022, 11:12

Қазақстан күнбағыс майының экспортын ұлғайтты. 2022 жылдың басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 29 мың тоннадан 141 тоннаға дейін 5 есе өскен. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды. Экспортталатын күнбағыс майының басым бөлігі Өзбекстанға жеткізіледі. Сондай-ақ, қазақстандық өнімді Ауғанстан, Тәжікстан және Қытай елдері сатып алады. Жаңа нарықтарды игеру жалғасуда. Жақында күнбағыс майын Чехия, Литва және Түркия мемлекеттеріне жеткізу жоспарланған.