«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 208 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.

19.04.2022, 12:50

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 208 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Онымен қоса арнайы экономикалық аймақ қызмет істеген барлық кезеңінде дайын өнім экспортының көлемі 103 млрд теңгені құрады. Отандық өнім негізінен Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Италия, Польша, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан секілді басқа да елдерге жеткізіледі.

Айта кетейік, арнайы экономикалық аймақта каустикалық сода, автомобильдерге арналған тез балқығыш алюминий дөңгелектерін шығаратын отандық өндіруші, мотор майлары мен майлау материалдарын, сондай-ақ белсендірілген көмірді шығаратын компания табысты жұмыс істейді. Бас-аяғы жүзден астам тауар түрі шығарылады.