Қазақстан мен Қырғызстан өзара тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

18.04.2022, 15:50

Қазақстан мен Қырғызстан өзара тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Өзара сауданы ұлғайту үшін тараптар 190 позиция бойынша тауар номенклатурасын кеңейтуге, сондай-ақ «Қарасу-Ақтілек» өткізу пункті ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешендер құру жөніндегі жобаны іске асыруды тездетуге ниетті. Сонымен қатар, транзит және көлік, су-энергетикалық теңгерім және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын.

«Біз инвестициялық және сауда саясатын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Бизнесті жүргізу және кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасалуда», - дейді Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Дастан Дүйшекеев.