ЕЭК: 300 тауар кедендік баж салығынсыз әкелінетін болды

18.04.2022, 12:53

ЕЭК Кеңесі  маңызды импорттық тауарлардың кең ауқымы үшін кедендік баж мөлшерлемелерін уақытша алып тастау туралы жаңа ұсыныстарды бекітті. Бұл – ЕАЭО елдері экономикасының тұрақтылығын арттыруға арналған кедендік-тарифтік шаралардың үшінші пакеті. Кездесу қорытындысына сәйкес 300-ге жуық тауарға баж салығы салынбайтын болды.

ЕЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша,  органикалық химиялық қосылыстар мен бейорганикалық химия өнімдерінің жекелеген түрлеріне, машиналарға, жабдықтар мен механизмдерге арналған бөлшектерге, бұршақ тұқымдас дақылдардың түрлеріне, сондай-ақ, қағаз және картонға қатысты болмақ. Ал, Комиссия алқасының құзыретіне жататын бірқатар тауарлар бойынша жақын арада шешім қабылданады.