Еліміздегі барлық банк штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

05.01.2022, 15:30

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі бірлесіп мәлімдеді.

«Екінші деңгейлі банктердегі» барлық банктік қызметтер: жалақы мен зейнетақы, жәрдемақыларды есептеу және алу, оларды банкоматтар арқылы шешу секілді қызметтер үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қаржы ұйымдарына тиесілі банкоматтар мен терминалдар қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта интернет желісіндегі жалпы іркілістерге байланысты банк қосымшалары мен төлем терминалдарының жұмысында уақытша кідіріс бар. Ал әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан несиелерді есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлады.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.